Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы
№826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Жетісай ауданы тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 12 тамызда сағат 11.00-де Жетісай қаласындағы Алпамыс батыр атындағы №8 жалпы орта мектебінің алаңында, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы сол күні сағат 12.00-де аталған мектеп ғимаратында өтеді.
Сонымен қатар, облыс әкімінің Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 12 тамызда сағат 15.00-де Мақтаарал аудандық орталық кітапхана ғимараты алаңында (Мырзакент кенті, С.Жаштаев көшесі, 89), азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы сол күні сағат 16.00-де аудандық мәслихат аппараты ғимаратында (Мырзакент кенті, Қуандықов көшесі, 80б) өтеді.
Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 11 тамызға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почтасы (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.