Жуырда Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы Мақтаарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш және Сайрам аудандарына арнайы барып, аудандардың діни ахуалымен танысты.
Сондай-ақ дін саласы бойынша жұмыс жүргізетін жергілікті ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері, діни бірлестік қызметкерлері және дін саласына жауапты мамандармен кездесулер өткізді.