Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің 2022 жылы 19 шілде күні Байбұрт көшесі, Амфитеатр ғимаратында сағат 16.00-де Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесуі және 2022 жылғы 19 шілде сағат 17.00-де жеке қабылдауы өтеді.
Қабылдауға алдын-ала жазылу 8 (72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы
2022 жылғы 16 маусымға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі!
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.