Консультативтік-кеңесші органдарды қысқарту бойынша Түркістан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы қаулы жобасы қабылданды

Консультативтік-кеңесші органдарды қысқарту бойынша Түркістан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы қаулы жобасы қабылданды

Түркістан облысының әкімдігі «Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы» қаулы жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 274 «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.

          ҚР Президентінің Жарлығы мен ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдарында қолданыстағы барлық консультативтік-кеңесші органдарды (бұдан әрі – ККО) 50%-ға қысқарту тапсырылған.

         Осыған байланысты, Түркістан облысы әкімдігі жоғарыдағы аталған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ККО 23-тен 14-ге қысқартты.

        Жоғарыдағылардың негізінде, Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 97 «Түркістан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы» қаулысы қабылданды.

Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы

Об отмене некоторых постановлений акимата области

Облыс әкімдігінің күші жойылған қаулылардың тізбесі

Перечень отмененных постановлений акимата области