ТҮРКІСТАНДА ДІН САЛАСЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИН ӨТІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА ДІН САЛАСЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИН ӨТІП ЖАТЫР


Түркістан қаласында жергілікті атқарушы органдардың мамандарына арналған дін саласындағы әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізуге арналған семинар-тренинг басталды. Шара 17 маусымға дейін жалғасады. Семинар «Конфессияаралық және өркениетаралық келісімді нығайту бойынша Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.
Семинардың басты мақсаты – өңірлерді дін саласындағы әлеуметтанушылық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізудің сапасын арттыру. Тренингке Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан Дін істері басқармаларының және оларға қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының мамандары қатысуда. Семинар жұмысында Нұр-Сұлтан қаласынан әлеуметтану саласының білікті эксперттері дәріс өткізуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі