Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi білім беру ұйымдарының назарына!!!

Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi білім беру ұйымдарының назарына!!!

Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi білім беру ұйымдарының назарына!!!

 

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен  (Бұйрық) бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалары» негізінде 2022-2023 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ!

Конкурсқа өтініштерді қабылдау «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі (ТжКОББ) бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Стандарт) сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» және «электрондық үкіметтің» www.egov.kz  веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған Бұйрық және Стандарт талаптарына сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ТжКОББ беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Комиссия төрағасының атына жазылған өтініш  пен білім беру тапсырысын орналастыру үшін ТжКОББ ұйымына қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы ақпараттық картаны (растау құжаттарымен) 2022 жылғы                         13 - 17 маусым күндері тапсыруы тиіс екенін ескертеміз!