ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «ОТАН! АРМИЯ! ЖАС САРБАЗ!» ҰРАНЫМЕН ЖҮГІРУДЕН МАРАФОН ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «ОТАН! АРМИЯ! ЖАС САРБАЗ!» ҰРАНЫМЕН ЖҮГІРУДЕН МАРАФОН ӨТТІ
Түркістан облысы, Арыс қаласында «Отан! Армия! Жас сарбаз!» ұранымен Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған президенттік жүгіруден марафон өтіп, оған 250 әскери азамат пен 360-қа жуық ерікті қатысты. Қазақстан халқының бірлігі мен Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында арнайы ұымдастырылған шарада Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова сөз сөйлеп, марафонның маңыздылығын атап өтті.
– Бұл – қоғамды салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін бірден-бір қадам. Біз осындай әркеттер арқылы жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеп, денсаулығы мығым, елін-жерін сүйетін жастарды тәрбиелейміз. Оған қоса, осындай шаралар нәтижесінде ел ішінде бұқаралық спорт дамып, ұлт саулығы нығая түседі деген сенімдеміз, – деді қала әкімі Гүлжан Мамытқызы.
Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Қарулы күштері тыл және қару-жарақ бастығының орынбасары, Оқ-дәрілер бас басқармасының бастығы, полковник Андрей Тихоненко да қатысып, спортсүйер қауымның шебін бастап, жүгірді. Ал Арыс қаласындағы № 44859 әскери бөлімінің командирі, полковник Көпжасар Ерназаров сап түзеген қатысушыларды сапқа тұрғызып, жүгіруге пәрмен берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі