Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының қолдауымен, «Түркістан Инвест» компаниясының сүйемелдеуімен облыста жұмысы қарқынды жүріп жатқан инвестициялық жобалардың бірі — 11 гектарлық «Ecoinvest» жылыжай кешені.
Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында орналасқан «Ecoinvest» ЖШС-і 2020 жылы іске қосылған. Жылыжай кешені 11 гектар алаңда жылына 1500 тонна қияр, 2000 тонна қызанақ өндіреді. Жылыжайда қыс мезгілінде 150 адам, ал жазда 250-ге жуық адам жұмыспен қамтылып келеді.
«Ecoinvest» ЖШС-нің атқарушы директоры Мұрат Гелашвили жақын арада кешен аумағын ұлғайтуға ниетті. Жылыжай өнімдері ел аумағынан бөлек. Ресейге экспортталады және бүгінде жоғары сұранысқа ие. Поляк инвесторларының қаражатына салынған кешеннің инвестициялық құны — 6800 млн. теңге.