Бұл кездесуде «Тұран» сапында бірінші минуттан алаңға Әбілғазы, Керімжанов, Клещенко, Залеский, Диакате, Осучукву, Мұсабеков, Федин, Нұрғалиев және Нөсербаев шықты. Қақпаны Тоқотаев қорғады.
Ойынның алғашқы минутынан-ақ қос команда негізінен қорғанысқа көңіл бөлді. Дегенмен Владимир Газзаев шәкірттері сәл басымдық танытып, жиірек шабуылдады.
Екінші таймда да командалар негізінен барлаумен айналысты. Алаң иелері сәл қысымды күшейткенімен дегендеріне жете алмады. Осылайша қос команданың кездесуі 0:0 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері екінші таймның ортасынан бастап бір ойыншысы қызыл қағаз алғанына байланысты 10 адаммен қалғанын да айта кеткен жөн. Тең дәрежелі ойында алғашқы ұпайын еншілеген «Тұран» футболшылары матч соңында түркістандық жанкүйерлерге алғыстарын білдірді.