ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ГІР КӨТЕРУ САЙЫСЫНАН 22 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ГІР КӨТЕРУ САЙЫСЫНАН  22 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Ақтөбе қаласында гір көтеру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен ересектер, жастар, жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер арасында 300-ге жуық спортшы қатысып, өз бақтарын сынады. Ел чемпионатында Түркістан облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Түркістандық мығым спортшылар жеткіншектер арасында 3 алтын, 5 күміс еншіледі. Жасөспірімдер арасында 5 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алса, жастар додасында 4 алтынға иелік етті. Ересектер бәсекесінде қоржынға 1 алтын медаль түсті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі