Ауыл шаруашылығы өнімдерін, жануарлар мен шаруашылық техникалық тауарларын сатып алу-сату үшін «ISTEY» бағдарламалық өнімі іске қосылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, жануарлар мен шаруашылық техникалық тауарларын сатып алу-сату үшін «ISTEY» бағдарламалық өнімі іске қосылды.

2020 жылғы дүниежүзілік пандемияға (COVID-19) байланысты мал базарлары жұмыстарын тоқтатты.
Осы орайда, Бәйдібек ауданы жастары белсенділік танытып аудан бойынша ватсап желісі арқылы чат ашып мал сатуды ұйымдастырды.
Осыған байланысты облыс әкімі облыс көлемінде өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өткізу нарықтарын айқындайтын онлайн сату веб-порталын ашуды ұйымдастыру және веб-порталда ауыл шаруашылығына көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар мен жеңілдіктердің берілу тәртібін енгізіп, кеңінен түсіндіру бойынша тапсырма берді.
Нәтижесінде өсімдік, мал шаруашылығы өнімдерін сататын https://istey.kz сайт құрылды.
Сайтта:
-Төрт-түлік (түйе, жылқы, қой, сиыр т.б.);
- Балық шаруашылығы;
- Жем-шөп, егістік, бау-бақша (шөп, құрама жем, қоспалар, көшеттер, дәнді дақылдар т.б.);
- Ауыл шаруашылығы техникалары (тасымалдау қызметімен);
-Азық-түлік (мясо, молочные продукты, овощи) бағыттары толық қамтамасыз етілген.
Сонымен қоса, ИСЖ базасымен интеграциясы (мал шаруашылығы үшін); Мемлекеттік қолдауды ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық құқықтық жүйесімен интеграциясы (adilet.zan.kz) қосымша сайтта көрсетілген.
Анықтама: Анықтама: «ISTEY»бағдарламалық өнімі — бұл кәсіпкерлік өнімдерді онлайн-сатудың веб-порталы. Осы бағдарламалық шешімнің көмегімен тауар биржасы үлгісіндегі электрондық алаңды және тұрақты жұмыс істейтін көтерме сауда нарығын ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Онда ауыл шаруашылығы өнімдерінің, жануарлар мен техниканың тауарларын сатып алу-сату онлайн мәмілелері жасалады. Контрагенттерді іздеу, сондай-ақ тауар өнімдерін тасымалдау мен сақтаудың барлық түрлеріне агенттерді іздеу жүргізіледі.