ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫЖАЙДАН 600 ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ АЛЫНҒАН

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫЖАЙДАН 600 ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ АЛЫНҒАН
Түркістан облысы, Жетісай ауданында 21 гектар аумаққа жылыжай салынған. Бұның 15 гектары жергілікті нарыққа көкөніс дақылдарын өсіріп отырса, қалған 6 гектары шаруаларға дайын көшет өндіріп береді. Сондай жылы жайдың бірі – Асықата кентінде орналасқан тамшылатып суғару әдісімен жұмыс жасайтын «КХ ДОСЖАН» шаруа қожалығы.
Бүгінгі таңға дейін 2 гектар аумаққа орналасқан жылыжайдан екінші өнімінен 15 тонна қияр, 90 тонна қызанақ алынған. Өнімдердің барлығы жергілікті сауда орындарында көтерме бағамен сатылып келеді. Былтыр аудан бойынша 15 гектар жылыжайдан 600 тонна өнім алынған.
«Осы уақытқа дейін жалпы 100 тоннадан астам көкөніс алдық. Биыл да осы межеден көрінуді ниет етіп отырмыз. Мұнда лимон өсіруді де қолға алғанбыз. Алдағы жылы өнім береді деп күтіп отырған жайымыз бар. Бүгін қызанақтарды егу жұмыстарын аяқтап, ертең қияр көшеттерін отырғызғу жұмыстарын бастаймыз. Наурыз айында дайын өнімді жинап аламыз» дейді шаруашылық агрономы Нышанов Бердияр.
Аталмыш шаруа қожалығында 20-ға жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Жетісайлық диқандар өңір ғана емес, республика нарығына шығып, жұртшылықты көкөніспен қамтуды көздеп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___