ТҮРКІСТАН: 26 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ РЕВАКЦИНАЦИЯ АЛДЫ

ТҮРКІСТАН: 26 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ РЕВАКЦИНАЦИЯ АЛДЫ
Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр. Түркістан облысында 1037273 адам екпе қабылдады. Екінші компонентпен 1020974 адам вакцина алды. Кейінгі тәулікте 243 адам екпе салдыруға ниет білдірген. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 3 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,02% құрайды. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 231 орын бар. Оның 139-і бос. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 755 жағдай тіркелді. Олардың 7747-да ауру симптомсыз өткен болатын. Бүгінде облыс тұрғындары «Спутник-V», «QazVac» және «Sinopharm» вакциналарын қабылдай алады.
Сондай-ақ Түркістан облысында қазіргі таңда 25975 адам ревакцинация алды. Айтып өтейік, ревакцинация 1 ғана дозамен жүргізіледі. Сонымен қатар алдында «HayatVax», «QazVac», «CoronaVac», «Синофарм» вакциналарын салдырғандар араға 6 ай уақыт өткенде және «Спутник V» вакцинасын салдырғандар арада 9 ай уақыт өткен соң вакцинаның кез-келген басқа түрін қабылдауларына болады.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі