ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОН ҮШІНШІ СЕССИЯСЫНДА 26 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОН ҮШІНШІ СЕССИЯСЫНДА 26 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

10 желтоқсанда Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы өтіп, сессия жұмысында 26 мәселе қаралды. Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он үшінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімдігінің өкілдері, қала, аудан әкімдері мен мәслихат хатшылары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым төрағалары, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев жүргізді. Жиында жылдың қорытындысы бойынша бірқатар салалар бойынша атқарылған жұмыстар барысы тыңдалды.
Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының және облыстық мәслихаттағы партия фракциясының атқарған жұмыстары туралы есеп тыңдалды. Ол бойынша «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Дәулетұлы Тәжібаев баяндама жасады. Оның айтуынша, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері 1572 қоғамдық қабылдау өткізіп, 4296 азаматтың арыз-шағымдарын қараған. Нәтижесінде 2609 азаматтың мәселесі оң шешілген. Партия филиалдарының қабылдау бөлмелеріне 11 айда 19020 өтініш түсіп, 64%-ы шешімін тапқан.
Сонымен қатар күн тәртібінде облыстық қоғамдық денсаулық сақтау және облыстық қоғамдық даму басқармалары басшыларының есептері тыңдалды. Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы облыстық экономика және стратегиялық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек баяндама жасады.
Сессия жұмысында кейбір депутаттардың өкілеттігі тоқтатылып, жаңадан депутаттар сайланды.
Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары 26 мәселені қарап, тиісті шешімдер қабылдады.
Сессияны түйіндеген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тәуелсіздік мерекесін Түркістан жұртшылығы жоғары жетістіктермен қарсы алып отырғанына тоқталып, Түркістан облысы мен Түркістан шаһарын дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылғанын мәлімдеді. Мемлекеттің қолдауымен облыста аса маңызды жобалар жүзеге асатынын мәлімдеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында бірқатар депутатты мерекелік медальдармен марапаттады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі