Түркістан облысы, Жетісай ауданы бойынша биыл ауыл шаруашылығы саласында 86,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде: мал шаруашылығы 15,6 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығының көлемі 70,9 млрд. теңге болды. Бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25 млрд. теңгеге артық.
Биыл ауданда 78,5 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде 44 мың гектардан астам жерге мақта, 21 мың га жерге бақша, 10,1 мың га жерге малазықтық, 3 мың га жерге көкөніс және басқа да дақылдар егілді.
Қазіргі таңда ауданда мақта терім науқаны аяқталып, жалпы 112 тонна мақта жиналды. Одан бөлек 31 мың тонна дәндік жүгері, 85 мың тонна картоп және көкөніс, бақшадан 651500 тонна, сүрлемдік жүгеріден 27 мың тонна, жоңышқадан 92 мың тонна өнім алынды.
Ауданда 1 жерден 2-3 өнім алу жобасын іске асыру мақсатында биыл 361 шаруа қожалық иелері 854 га жерге бірінші өнімге қырыққабат дақылын егіп, екінші өнімге бақша, дәндік жүгері, мақта, асқабақ, сәбіз, маш дақылдарын екті. Диқандарға 3700 тонна жанар-жағар май таратылды.
Аудан бойынша 190 мың тонна мал азығы дайындау жоспарланған болса, бүгінгі күнге 194,7 мың тонна малазықтық шөп дайындалған.