Түркістан облысында 995625 адам екпе қабылдады. Екінші компонентпен 940981 адам вакцина алды. Кейінгі тәулікте 4565 адам екпе салдыруға ниет білдірген.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 27 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,17% құрайды. Облыста пандемия басталғалы 1 113 952 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 613–і бос. Жалпы, пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 436 жағдай тіркелді. Олардың 7688-да ауру симптомсыз өткен болатын.
Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі