Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр. Соңғы тәулікте өңірде КВИ-дің 16 жағдайы анықталды. Тәуліктік өсім 0,09% құрайды. Бүгінде инфекциялық стационарларда 930 орын бар, 586 төсек орын бос. Індет басталғалы коронавирустың 15 380 жағдайы тіркелді.
Жалпы өңірге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның І-компонентімен 981989 адам, ІІ-компонентпен –929024 адам егілген. Кейінгі тәулікте 2241 адам екпе салдыруға ниет білдірген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі