06.11 күні таңертең Түркістан облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы “Жартас-Антитеррор-2021” лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларын өткізеді.

06.11 күні таңертең Түркістан облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы “Жартас-Антитеррор-2021” лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларын өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – лаңкестікке қарсы күресті дайындықты пысықтау, оның зардаптарын барынша азайту және жою бойынша тапсырмаларды шұғыл орындауға машықтану. Жаттығуға жеке құрам мен арнайы техника жұмылдырылған.
Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
Түркістан облысы
 
терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб