ТҮРКІСТАН: 975 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ВАКЦИНА ҚАБЫЛДАДЫ

ТҮРКІСТАН:  975 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ВАКЦИНА ҚАБЫЛДАДЫ
Түркістан облысында 975972 адам екпе қабылдады. Екінші компонентпен 915795 адам вакцина алды. Кейінгі тәулікте 1386 адам екпе салдыруға ниет білдірген.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 31 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,20% құрайды. Облыста пандемия басталғалы 1 104 341 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 618–і бос. Жалпы, пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 322 жағдай тіркелді. Олардың 7650-да ауру симптомсыз өткен болатын.
Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі