ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Түркістан облысы аумағында халықаралық әуежай құрылысын жүргізу және пайдалану» жобасын бірлесіп іске асыру үшін серіктес-инвесторға конкурстық іріктеу жүргізу туралы.

«Түркістан облысы аумағында халықаралық әуежай құрылысын жүргізу және пайдалану» жобасын (бұдан әрі – жоба) бірлесіп іске асыру үшін серіктес-инвесторды конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы – «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ӘКК). Мекен-жайы: 161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түрістан қаласы, Қызылорда тас жолы 34 А, «Алаш» бизнес-орталығы ғимараты.

Әлеуетті серіктес – инвесторлардың іріктеуге қатысуға өтінімдері және оларға қоса берілетін құжаттар мына мекен-жай бойынша 2019 жылдың 26 наурыз 19 сағат 00 минутқа дейін қабылданады: 161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түрістан қаласы, Қызылорда тас жолы 34 А, «Алаш» бизнес-орталығы ғимараты, 3-қабат, Құрылыс жөніндегі жобаларды басқару тобы.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы келесі телефондар арқылы алуға болады:

8(72533) 5 28 41, e-mail: info@spk-turkistan.kz.