
«Түркістан-Самарқанд» халықаралық автобус бағыты ашылды. Түркістан қаласынан шыққан автобус Гулистан, Джизак қалалары арқылы Самарқандтқа барады. «Түркістан-Самарқанд» бағытында Халықаралық автобус бағыты ашылды. Жолаушылар автобусы күн сайын сағат кешкі (Астана уақытымен) 18-00 «Алтын орда» бекетінен жолға шығады. Самарқанд қаласындағы «Самарқанд» автовокзалынан шығу (Астана уақытымен) 18-00.Бір жолаушы үшін жолақы құны – 4000 теңге. Түркістаннан шыққан автобус Шымкент қаласында жарты сағат аялдайды. Аталған бағыттың ашылу екі елдің арасында туристер ағыныныңартуына, жаңа туристік бағыттар қалыптастыруғажәне ынтымақтастықтың нығаюынаоң әсерін тигізетін болады. Сондай-ақ, Түркістан қаласының Өзбекстанның Самарқанд қаласымен сауда-экономикалық, туристік әлеуетін нығайту.
Айта кетейік, Түркістан облысында 44 тасымалдаушы 1224 дана автобуспен (шағын автобуспен) жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде. Облыстағы тұрақты бағыттар желісі – 325 бағыттағы 1090 кестеден тұрады. Облыс бойынша 2018 жылы 797 млн. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға жоғары.