АРЫС: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

АРЫС: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Бүгін республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Арыстық балғындар қуанышқа кенелді. Жаңа оқу жылының алдында бастамаға ұйытқы болған «KAZAKHSTAN ASELSAN ENGINEERING» (KAE) ЖШС-і.

Акцияның мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық компания өкілдері, өздерінің әріптестеріне қолдау білдіру мақсатында, мекемеде қызмет атқаратын жұмысшылардың, мектеп оқитын балаларына көмек қолын созу. Яғни 90-ға жуық мектеп оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен сертификат табысталды.

 

Шараға арнайы қатысқан «ҚазТехнология» компаниясының өкілі Нуриддин Ергебеков мұндай игі шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.