ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТАҒЫ «СУЫНДЫҚ» СУ АРНАСЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТАҒЫ «СУЫНДЫҚ» СУ АРНАСЫ ЖӨНДЕЛУДЕ
Созақ ауданындағы «Суындық» су арнасы қайта іске қосылғанда, Созақ ауылы бойынша 960 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылады. Осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған Созақ ауданындағы «Суындық» каналы күрделі жөндеуден өткізілуде. Өткен жылы қолға алынған құрылыс жұмыстары Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысымен қолға алынды. Жұмыс барысы Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатовтың бақылауында.
Ұзындығы 23 шақырымдық «Суындық» су арнасының 19 шақырымына «лоток қалқаншалар» орнатылып үлгерген. Күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде гидротехникалық құрылымдардың пайдалы әрекет коэффициенті артып, суармалы жерлер вегетациялық кезенде сумен қамтамасыз етіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі