Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты Қарағұр ауыл округінде Мәдениет үйі салынуда. Бүгінде ғимараттың қабырғасын қалау, шатырын жабу жұмыстары аяқталған. Құрылыс жұмысы қарқынды. Ішкі әрлеу, сыртқы абаттандыру жұмыстары қолға алынған.
75 орындық мәдениет үйін «Векстройком» ЖШС салып жатыр. Маусым айында басталған құрылыс нысанын жыл соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр. Құрылыс жұмыстары аудан әкімі Салыхан Полатовтың тікелей бақылауында.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_____________________