
Сіздерді 3 мамырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі Мәдениет сарайында Түркістан облысын цифрландыру бойынша «Smart Turkistan» Форумына шақырамыз.
Іс-шарада Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Абдрасилов және т.б. сөз сөйлейді.
Форумға қатысушылар – ақылды қалаларға арналған бағдарламалық қамсыздандыру шешімдері мен құрылғыларды жеткізушілер, ЖОО-лар,ғылыми-зерттеу институттары, ұлттық компаниялар, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті бизнес-қауымдастығы, облыс, қала және аудан әкімдіктерінің басқармалары мен бөлімдері, сонымен бірге Түркістан облысының тұрғындары.
«Smart Turkistan» форумында цифровизация бойынша Түркістан облысының даму тұжырымдамасы, қызмет көрсету үлгісі, мемлекеттік-жеке серіктестік және т.б. өзара қарым-қатынастың тиімді үлгісі ретінде Vendor Management Office (VMO) арқылы АКТ - шешімдерді жеткізушілермен жұмыс істеудің ашықтығын енгізу таныстырылады.
Одан басқа, Қазақстанда алғашқы рет мемлекетті басқаруда адамға бағдарланған тәсілді енгізу бойынша жаңа үлгі көрсетіледі.
Сонымен бірге, келесі бағыттар бойынша пікір-талас жоспарлануда: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік бағыт; көлік және қауіпсіздік; урбанистика, мәдениет, дін және туризм; мемлекеттік басқару, ТҮКШ, ауыл шаруашылығы; ақпараттық технологиялар мен телебайланыстар және басқа да тақырыптар. «Smart Turkistan» форумы облыс алдында тұрған міндеттер мен жоспарларды анықтауға, Түркістан облысының тұрғындарымен өзекті мәселелерді талқылауға және күрделі аймақты жоюға мүмкіндік береді.
Өтетін күні: 3 мамыр 2019жыл, қатысушыларды тіркеу 08:30 басталады
Өтетін орны:Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайы.
«Smart Turkistan» форумына тіркелу сайты
https://smart-turkistan.kz/