Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты ауылдарды жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде ауылдарда ішкі жолдар жөнделіп, ауыз су құбырлары жаңартылған. Тұрғындар көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, электр бағаналары ауыстырылып, желілер тартылған. Бұған қоса, облыстық, аудандық маңызы бар жолда орналасқан елді мекендерде көше шамдары орнатылған.
Мәселен, Алатау ауылдық округі Нысанбек елді мекенінің бір шақырым жолына 24 түнгі жарық шамдары орнатылды. Аталған жұмыстар ауылдарды абаттандыру аясында жүзеге асуда. Бұған қоса, түнгі жарық Ленгір қаласының Амангелді көшесі, Север мөлтек ауданында, Қырықбаев көшелеріне Алатау ауылдық округіне қарасты Екпінді елді мекеніне, Киелітас ауылдық округіне қарасты Киелітас елді мекеніне орнатылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі