
Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл азаматтары жалғыз басты анаға баспана сыйлады. Ошақты ауылдық округі Жиделі елді мекенінің тұрғындары жерлестеріне асарлатып үй салып, оның ішін қажетті жабдықтармен толтырып берді. Құрылыс маусым айында басталған.
«Осы істің ұйымдастырған азаматарға, жұдырықтай жұмылып үй салып берген барлық ауылдастарыма алғысымды айтамын. Күйеуім қайтыс болған. Екі перзентім мектепте оқиды. Мұндай үй салу маған арман еді. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын», – дейді қоныс той иесі.
Қоныс тойға қатысқан Ошақты ауылының әкімі Нұрмаханбет Нархозиев қайырымды іс жасаған ауыл тұрғындарына алғысын білдіріп, арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі