Токиодағы Параолимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар бұрын болмаған тарихи жетістіктерге қол жеткізуде. Əзірге Қазақстан ұлттық құрама командасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс жəне 1 қола медаль бар.
Бұл күндері Жапонияның Токио қаласында бес құрлықтың параолимпиадашылары қатысып жатқан дүбірлі дода өтуде. Əр төрт жыл сайын өтетін спорт додасы 27-тамыз күні бастау алып, 5-қыркүйекте аяқталады.
Токиодағы Параолимпиада ойындарына түркістандық спортшы Бейбарыс Спатай бақ сынады. Жерлесіміздің жоғары деңгейде жаттығу жасауына толық жағдай жасалды. Түркістан облысы əкімі Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен Б.Спатайдың дайындығы жіті қадағаланып, жерлесіміз шетелдерде бірқатар оқу-жаттығу жиындарына қатысты.
Отандасымыз Токио төрінде іріктеуден сүрінбей өтті. Ең үздік спортшылар қатарында финалға шықты. Ол KL2-200 м жарыс түрінде бақ сынап, 9-орынға ие болды. Жас спортшы үшін бұл – жақсы нәтиже. Ерік-жігерін салып, қайсарлық танытып, ел намысын қорғаған ескек есуші спортшы енді басқа додаларға дайындалады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_____________________