АРЫС: ҮЙІ БҰЗЫЛҒАНДАР ДАЛАДА ҚАЛМАЙДЫ

АРЫС: ҮЙІ БҰЗЫЛҒАНДАР ДАЛАДА ҚАЛМАЙДЫ

Арыс қаласындағы Ережепбай Молдабаев атындағы орта мектепте тұрғындар уақытша қоныстанатын800 орын дайындалды.Мұнда жарылыс салдарынан үйлері толық бұзылған және жарамсыз күйге түскен тұрғындар орналасады.Бұл орталықта қоныстанушылар 3 мезгіл тамақпен және жатын орындармен қамтылмақ.Балаларға арналған ойын алаңшалары да қарастырылған. Ал жарылыстан зақым келген үйлер толық жөнделген соң тұрғындар өз шаңырақтарына оралады.