АРЫС: ЖӘРМЕҢКЕДЕ 200 ТОННА ӨНІМ ТҮСКЕ ДЕЙІН ӨТІП КЕТТІ

АРЫС: ЖӘРМЕҢКЕДЕ 200 ТОННА ӨНІМ ТҮСКЕ ДЕЙІН ӨТІП КЕТТІ

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен бүгін Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Оған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, тұрғындарменпікір алмасты. Өңір тауар өндірушілерінің еңбегін жоғары бағалады.

Жәрмеңкеде Түркістан облысындағы 50 шақты тауар өндіруші 200 тоннаға жуық өз өнімдерін ұсынды. Тауарлар қала тұрғындарынабазар нарқынан30%-ғатөмен бағада сатылымға түсті. Жиналған өнімдердің жалпы құны 67 млн. теңгеден асады.

200 тоннаға жуық өнім түске дейін толық сатылып, арыстықтар жәрмеңкені ұйымдастырған облыс әкімдігіне ризашылықтарын білдірді.

Жәрмеңкеге арнайы Төлеби ауданынан өнерпаздар қатысып, өз концерттік бағдарламаларын ұсынды.