
Қазіргі таңда Арыс қаласында нақты 1091 үйдің жұмысы толық аяқталған. Сондай-ақ, 4362 үйдің құрылыс жөндеу жұмыстары жөндеуден өтіп жатыр.
Айта кетерлігі, Арыс қаласында 8409 жеке, 104 көпқабатты тұрғын үй бар. Жарылыс кезінде мүлдем жарамсыз күйге түскені – 186 жеке, 8көпқабатты үй. Ал зақымдағаны – 7178жеке, 95-сі көпқаббатты үй. Жалпы 17 сектор бойынша республиканың барлық облыстарынан – 5685, аудандардан – 300-ден астам жұмысшы еңбек етуде.
Бұдан өзге, Арыс қаласындандағы 14 мектеп, 2 аурухана, 28 балабақша, бірнеше мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына зақым келген.Арыс қаласында 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру «Самұрық – Қазына» әл-ауқат қорына тапсырылған. Оның 54-і білім нысандары,8-і денсаулық сақтау, 4-уі спорт нысандары. Әлеуметтік инфрақұрылым бойынша 66 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, қаладағы 300-ге жуық кәсіпкерлік нысандар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен жөндеуден өткізілетін болады. Сондай-ақ, алдағы уақытта жергілікті тұрғындарға жоғары сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында жаңа аурухана және екі емхана бой көтереді.