АРЫС: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ҚАРАСТЫ СЕКТОРДА 355 ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БІТУГЕ ТАЯУ

АРЫС: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ҚАРАСТЫ СЕКТОРДА 355 ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БІТУГЕ ТАЯУ

Түркістан облысы жауапты болып бекітілген 7 секторда 470 үй тіркелген. Оның 7-еуі 68 пәтерден тұратынкөпқабатты үйлер. Мұнда жарылыс салдарынан зақымданған 415 үй жөндеу жұмыстарынқажет етсе, 54 үй жарамсыз деп табылып, толығымен қайта салынатын болды. Қазіргі таңда 355 үйдің жөндеу жұмыстары, 20 үйдің толықтай құрылысы қарқынды түрде жүруде. Бүгінгі күнге дейін 20 үйге жөндеу жұмыстары жасалып, тапсырылды. Аталмыш сектордағы үйлердің құрылыс жұмыстарына 23 мердігер компания тартылып, 367 құрылысшы, 69 техника жұмылдырылған. Сектор жауаптылары құрылыстың ойдағыдай жүріп жатқандығын және зақымдалған, жарамсыз күйге түскен барлық үйлердің қайта салыну жұмыстары белгіленген уақытта аяқталатынын жеткізді.