ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ОБЛЫС  ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ  НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы  5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орны ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің халық алдындағы есебі 2021 жылғы 19 ақпанда  сағат 11.00-де өтеді.

           COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында есеп беру кездесуі онлайн-форматта өтеді.

Осыған орай, сұрақтар мен ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде Түркістан облысы әкімі аппараты, аудан, қала және ауылдық округ әкімі аппараты, Түркістан қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы, Түркістан қалалық автовокзалы ғимараттарында  орнатылған жәшіктерге салуға және электронды форматта https://www.facebook.com/Omirzak.Shokeev  Түркістан облысы әкімінің қоғамдық қабылдау парақшасына, t.akimat@ontustik.gov.kz электронды поштасына  жолдауға болады.

Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімі аппаратының 8 (72533) 5-98-90,                5-98-99 телефондары арқылы сауалдарыңызды, ұсыныс-пікірлеріңізді                         2021 жылғы 18 ақпанға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жолдауға  болатындығын хабарлаймыз.