ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы  5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орны ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру  аясында  2021 жылы 18 ақпанда сағат 11.30 да Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев жеке қабылдау өткізеді.

COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында жеке қабылдау онлайн-форматта өтеді.

Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72 533) 5-98-99, 5-98-90 байланыс телефондары және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2021 жылғы 17 ақпанға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі.

Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында сұрақтың мәні, мекен-жай, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.