ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ОБЛЫС  ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ  НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу және Қазақстан Республикасы бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысын орындау мақсатында Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеевтің 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдындағы есебі 2021 жылғы
19 ақпанда  сағат 11.00-де онлайн форматта өтеді.

Осыған орай, сұрақтар мен ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде Түркістан облысы әкімі аппараты, аудан, қала және ауылдық округ әкімі аппараты, Түркістан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы, Түркістан қалалық автовокзалы ғимараттарында  орнатылған жәшіктерге салуға, электронды форматта https://www.facebook.com/Omirzak.Shokeev  Түркістан облысы әкімінің қоғамдық қабылдау парақшасына, t.akimat@ontustik.gov.kz  электронды поштасы арқылы  жолдауға болады.

Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімі аппаратының 8 (72533) 5-98-90,                5-92-40 телефондары арқылы сауалдарыңызды, ұсыныс-пікірлеріңізді жолдауға  болатындығын хабарлаймыз.