ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ  САЙЛАНДЫ

Волейбол спортын əлемдік деңгейде дамыту мақсатында Түркістан облысы волейбол федерациясы құрылды.

Федерация президенті болып облыс əкімінің орынбасары Мейіржан Иябайұлы Мырзалиев, бірінші вице-президенті болып Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дəлбеков сайланды. Облыстың бас полицейі, өзі де спортпен шұғылданатын Қайрат Сұлтанұлы волейболдың əлемдік деңгейде дамуына үлесін қосатын болады. Айтулы күнмен құттықтаған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов алдағы кезде облыста бұл спорт түрінің кеңге қанат жаятындығын мəлімдеді.

Сала майталмандарының мәлімдеуінше, еліміздегі волейболдың негізі оңтүстікте қаланған. Оған басты дəлел, Түркістаннан шыққан Октябрь Жарылғапов бастаған қазақ волейболшылары Еуропа Кубогін жеңіп алған. Бұл жеңісті кəрі құрлық елдері мойындаған, делінді бүгінгі кездесуде.

Еліміз тəуелсіздік алған жылдардан бастап қазақстандық спортшылар жоғары лигада ерлер командасы өнер көрсетіп келеді. Облыстағы "Тұран" спорт ойындары клубы волейболшылары ғаламат жетістіктерге жетуде. Ендігі кезекте Түркістанда Қазақстан чемпионатында сынға түсетін қыздар командасы құрылатын болады. Бұдан басқа аудан, ауылдарда волейбол спорты жанданып, оған талантты жастар легі келмек. Сондай-ақ, облыс, аудан көлемінде ресми чемпионаттар өтетін болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі