
Жұмысшы топ аудан аумағындағы сауда орындары, қоғамдық тамақтану нысандары, қызмет көрсету орталықтары мен басқа да кәсіпкерлік субъектілерін аралап, кәсіпкерлерге санитариялық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар нысандардың қасбеттерін ретке келтіру, сыртқы келбетін жаңарту, іргелес аумақтарды тұрақты түрде тазалау, жасыл желектерді күтіп-баптау, заңсыз жарнамалар мен артық заттарды жою, қоршаулар мен кіреберістерді талапқа сай ұстау жөнінде нақты ұсынымдар берілді.