
Одан бөлек, облыста шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында өндірістік алаңдарды дамыту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қолдауымен Сауран ауданының Шаға ауылында шағын өнеркәсіптік аймақ құрылды. Өндірістік парк аумағында 40 өндірістік ғимараттың құрылысы аяқталып, жалпы инвестиция көлемі 136,3 млрд теңгені құрайтын 32 жоба жүзеге асырылды. Аталған өндірістік алаңда ауыл шаруашылығы техникаларын, аспалы жабдықтарды, жаңбырлатып суару машиналарын, металл бұйымдарын, тамшылатып суару жүйелерін, полиэтилен пакеттерін және өзге де өнеркәсіптік өнімдерді өндіретін кәсіпорындар орналасқан.