ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСҚАН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСҚАН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

 

Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Атқарылған жұмыстар барысында көппәтерлі тұрғын үйлердің аулалары мен саябақтар, скверлер, аллеялар және автожол бойлары қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, арам шөптер шабылып, қураған ағаштар бұталды. Одан бөлек, көше бойындағы арық-атыздар күл-қоқыстардан тазартылып, жиналған қалдықтар арнайы орындарға жеткізілді. Нәтижесінде өңірдегі тазалық шараларына 20 мыңға жуық адам мен 180 техника жұмылдырылып, 246 тонна қоқыс шығарылған.

Тазалық шаралары кезінде Созақ ауданының тұрғындары жаппай сенбілікке шығып, Шолаққорған–Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағында көшеттерді күтіп-баптау, суару, шөптерден тазарту және абаттандыру жұмыстарын атқарды. Оған тұрғындар, түрлі мекеме қызметкерлерінен құралған 3000- ға жуық адам жұмылдырылған.

Бұдан бөлек, Кентау қаласының аумағында санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру мақсатында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Тазалық шаралары аудан орталығынан бөлек барлық ауыл округтерде ұйымдастырылды. Сенбілік жұмыстарына 1800-ге жуық адам, 10 арнайы техника тартылған. Нәтижесінде 18 тонна қоқыс жиналды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі