Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Қуанышевпен және банктің Түркістан қаласы филиалының директоры Зәмзагүл Азатовамен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі қаржылық инфрақұрылымды дамыту және Түркістан қаласында банк филиалының жаңа заманауи ғимаратын салу мәселелері талқыланды.
– Бүгінде Түркістан қаласы қарқынды дамып, мұнда іскерлік белсенділік артып келеді. Осы орайда, тұрғындар мен кәсіпкерлерге көрсетілетін қаржылық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру өте маңызды. Біз өңір экономикасына инвестиция құйып, заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға ниетті кәсіпкерлердің бастамаларын әрқашан қолдаймыз. Жаңа ғимарат қаланың сәулеттік стиліне үйлесіп, халыққа жайлы қызмет көрсету орталығына айналады деп сенемін, – деді Нұралхан Оралбайұлы.