
Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап алаң иелері ойын тізгінін қолға алып, басымдық танытты. Матчтың 20-минутында Әлімжан Еркен алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты.
Екінші таймда да «Тұран» шабуылды бәсеңдетпеді. 52-минутта Әлімжан Еркен жақын қашықтықтан гол соғып, дубль авторы атанса, араға тоғыз минут салып шабуылшы хет-трик жасады. Ал 82-минутта Өркен Махан төртінші голды салды.