
Жеке қабылдауға жазылу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Тұрғындар қабылдауға
eGov.kz порталы, e Otinish бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш қалдыру арқылы тіркеле алады. Өңір басшылығы азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын назардан тыс қалдырмай, заң аясында шешу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.