
Қабылдау барысында азаматтар түрлі мәселелерді қозғады. Мәселен, Түлкібас ауданындағы Састөбе кентінің тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, тұрғындар тарапынан кенттегі орталық кәріздік тазалау имаратының істен шығуы, егістік жерлерді жайылымдық жер санатына ауыстыру мәселелері айтылды. Сонымен қатар қабылдауға келген азаматтар заңсыз әрекеттерге жол берген азаматтардың жауапкершілігін қарап, тиісті шара қабылдауды сұрады. Одан бөлек, тазалық жұмыстарын жандандыру бойынша ұсыныстар айтылып, бала санының артуына байланысты 900 орындық мектеп салу туралы өтініштерін жеткізді.