
Өндірістік парк толық іске қосылған кезде 6 040 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары екі кезеңмен жүргізілуде. Бірінші кезеңде 30 гектар аумақта 40 өндірістік ғимарат салынды, бүгінде 32 жоба іске асырылып, ауыл шаруашылығы техникасы, суару жүйелері, құрылыс материалдары, жиһаз, тұрмыстық техника және дрон өндірісі жолға қойылған. Екінші кезеңде 2025–2026 жылдары қосымша 70 гектар аумақта 112 өндірістік ғимарат салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда дайын өндірістік алаңдарға кәсіпкерлер тарапынан жоғары сұраныс байқалуда.