
Тазалық жұмыстары республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, сондай-ақ елді мекендердің ішкі көшелерінде жүргізілді. Сенбілік таңғы сағат 10:00-де басталып, оған аудан әкімі Арман Абдуллаев, 13 ауылдық округ пен қала әкімдіктерінің қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар және еріктілер белсене қатысты.