
2025 жылы ауыз су саласы бойынша жалпы 82 нысанның құрылысына бюджеттен 53 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде, 42 нысандағы құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілды. Қалған 40 нысан биыл аяқталады. Осы жобалардың ішінде бірінші кезекте индикаторға енгізілген жобаларды аяқтау көзделген. Аталған индикаторға 30,8 мың халқы бар 30 елді мекен енгізілген. Бүгінде 30 елді мекендегі нысандардың құрылысы толық аяқталды. Атап айтқанда, Сарыағаш ауданында – 9, Келесте – 13, Ордабасыда – 3, Қазығұртта – 1, Отырарда – 2, Бәйдібекте 2 нысан пайдалануға берілді. 2025 жылдың қорытындысымен облыстағы 801 елді мекен (7 қала, 794 ауылдық елді мекен) 100% ауыз сумен қамтылды. Қалған 8 елді мекен (халық саны – 0,6 мың) кешенді-блок модульдерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында Сарыағаш ауданындағы 2 елді мекен, Келес ауданындағы 4 елді мекен және Шардара ауданындағы 2 елді мекен бар.