Жаңа жыл түні Түркістан облысында 29 сәби дүниеге келді

Жаңа жыл түні Түркістан облысында 29 сәби дүниеге келді
▪️Түркістан облысында Жаңа жыл түні перзентханаларда 29 сәби өмірге келді. Оның ішінде 18 ұл және 11 қыз бала дүниеге келген.
▪️Медицина мамандарының мәліметінше, жаңа жыл қарсаңында туған нәрестелер мен олардың аналарының жағдайы қанағаттанарлық, барлығы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
▪️Айта кетейік, Түркістан облысы республика көлемінде бала туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда.