
Бағдарлама ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің білімін жетілдіруге, кәсіби дайындығын күшейтуге және агро-бизнесті тиімді жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқуға жалпы 160-қа жуық кәсіпкер қатысып, теориялық сабақтармен қатар қолданбалы практикалық жаттығулардан өтті. Практикалық бөлім барысында қатысушылар мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, агротехнология, шығындарды басқару және өнімділікті арттыру бойынша нақты құралдарды меңгерді.