
Биыл Түркістан облысының аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7 263 тазалық іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінгі таңда толық орындалды. Жыл басынан бері тазалық шараларына 1 млн-нан астам тұрғын қатысып, 6 998 арнайы техника жұмылдырылды. Көшелерде, қоғамдық орындарда, аулалар мен саябақтарда тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілді. Нәтижесінде, 1 милионнан астам көшет отырғызылып, 16 624 тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.