ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ДОСТЫҚ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ДОСТЫҚ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сайрам ауданында ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды әлеуметтік-мәдени нысан –Достық үйі пайдалануға берілді.
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, сондай-ақ Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев қатысып, аудан тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтады.
Қазіргі уақытта аудан халқының жалпы саны 242 мыңнан асса, мұнда барлығы 39 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бір шаңырақ астында еңбек етіп келеді. Сонымен қатар 8 этномәдени орталық тұрақты түрде жұмыс істейді.
Жаңадан ашылған Достық үйі этносаралық келісімді нығайтуға, қоғамдық бірлікті арттыруға және мәдени байланыстарды дамытуға арналған маңызды рухани алаңға айналмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі